Темір ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 214 шешімі
(2023.13.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабына және 39-3 бабының 3-1 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Темір ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті бекітілсін.
2. «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Темір аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Темір аудандық мәслихатының интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан және халық саны екі мың адам және одан аз ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.
| Темір аудандық мәслихатының төрағасы | Б. АБДЫҒАЛИ |
| Темір аудандық мәслихатының хатшысы | Б. ІЗБАСОВ |
2018 жылғы 10 сәуірдегі
№ 214 шешімімен
бекітілген
Темір ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының
Регламенті
1 тарау. Жалпы ережелер
Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2021.27.08. № 85 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)